Оңтүстік Суданда ұшақ апатынан 17 адам қаза тапты
Оңтүстік Суданда әуе апатынан кем дегенде 17 адам қаза тапты.
Алматы, NEGE. «Синьхуа» агенттігінің хабарлауынша, жүк ұшағы Джуба аэропортынан шыққаннан кейін құлаған. Алдын ала ақпарат бойынша бір адам тірі қалған. Ол ауыр жағдайда аурухаға жеткізілген. South West Aviation әуе компаниясының ұшағы ұшқан бойда адамдар тұрып жатқан ауданның жанына құлаған бойда өртене бастаған. Жүк ұшағының бортында мотоциклдар, қосылқы бөлшектер, азық-түлік болған, дейді Джуба халықаралық аэропортының директоры. Билік апатқа байланысты тергеуді бастады.