Оңтүстік өңірлерде үсік ұрады
Қазан айының басында Қазақстанның оңтүстігінде үсік күтіледі, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі.
Алматы, NEGE. «Қазақстан аумағының басым бөлігінің ауа райын солтүстік-батыс антициклон анықтайды. Оның келуімен ауа райы жауын-шашынсыз болады. Тек еліміздің солтүстік-шығыс бөлігіне ғана циклон жырасы әсер етеді, осыған байланысты кей жерлерде жауын-шашын болады», - делінген дүйсенбідегі хабарда.
Хабарда нақтыланғандай, республика бойынша кей жерлерде тұман, желдің күшеюі күтіледі, қиыр оңтүстікте кезең соңында үсік жүруі мүмкін.