Оңтүстік Кореяда түнгі клубтар ашылғаннан кейін COVID-19 қайта өршіп жатыр

Оңтүстік Кореяда коронавирус жұқтырғандардың саны қайта көбейіп жатыр. Мұнда сәуірден бері науқас тіркелмеген болатын, ал соңғы тәулікте бірден 40 жағдай тіркелген, - деп хабарлайды РИА Новости.

Алматы, NEGE. Басылымның мәліметінше, Оңтүстік Кореяда сәуірден бері коронавирус жұқтырғандардың саны күніне шамамен 40 адамнан 10-20 адамға дейін азайған. Тіпті 2 адам ғана жұқтырған жағдайлар болған.

Сондай-ақ, 40 жаңа жағдайдың 37-сінің Итхэвон ауданында түнгі клубтар мен барлардың ашылуынан кейін тіркелгені айтылады. Үш науқас шетелден келген.

Осылайша, Сеулдегі Итхэвон ауданында ашылған түнгі клубтардың салдарынан науқастардың саны 257-ге жеткен. 

Соңғы мәліметтер бойынша, әлем бойынша коронавирус жұқтырғандардың саны 5,5 миллионнан асты, 2,28 миллион адам айығып, 350 мыңнан аса науқас қайтыс болған.

Қазір оқып жатыр

Сауд Арабиясы Тоқаевтың бітімгерлік келіссөздерді Түркістанда өткізу бастамасына пікір білдірді

Air Astana ұшақтары Дубайға сәуірдің аяғына дейін ұшпайтын болды

Түркістан облысында қарт әкесін ұрып-соққан ер адамның жазасы қатаңдатылды

Алматыда бірнеше қылмысты жасырып қалған тергеуші сотталды