Оңтүстік Кореяда төбелес кезінде Қазақстан азаматы зардап шекті

Оңтүстік Кореяда төбелестен қазақстандық зардап шекті. Бұл мәліметті Сыртқы істер министрлігі растады, деп хабарлайды Tengrinews.

Алматы, NEGE. Желіде Оңтүстік Кореяның Кимхэ қаласында Қазақстан, Ресей және ТМД басқа елдерінің өкілдері төбелесіп жатқаны түсірілген видео тараған еді.

"Оңтүстік Корея тарапының айтуынша, төбелестен бір қазақстандық зардап шекті. Қазіргі уақытта біздің дипломаттар полициямен байланыста, оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр", - деді СІМ өкілдері.

Сондай-ақ, зардап шеккен қазақстандықтың 1990 жылғы екені және Кореяда заңды жүргені айтылады.

Қазір оқып жатыр

Түркияда Қазақстан азаматын атып кетті

Хоккейшілерден ақша жинаған: «Құлагер» клубының бұрынғы басшысына үкім шықты

«Наурыз» ипотекалық бағдарламасына қатысушылардың тізімі жарияланды

Астанада күзге дейін бірнеше көшеде қозғалыс шектеледі