Оңтүстік Кореяда өрт салдарынан екі қазақстандық көз жұмды

Оңтүстік Кореяның Ичхон қаласында логистикалық қойманың құрылыс алаңында өрт салдарынан Қазақстанның екі азаматы көз жұмған. Бұл туралы ҚР СІМ баспасөз қызметі мәлімдеді.

Алматы, NEGE. 29 сәуірде Оңтүстік Кореяның Ичхон қаласында логистикалық қойманың құрылыс алаңында өрт болып, нәтижесінде 38 адам қайтыс болды, 10 адам жарақат алды. Іздеу жұмыстары жалғасуда. Жергілікті биліктің хабарлауынша, қайтыс болған 38 адамның 29-ы, оның ішінде Қазақстан Республикасының екі азаматы анықталған. Біздің Сеулдегі дипломаттар жергілікті билікпен байланыста, – делінген ведомствоның баспасөз қызметі таратқан мәліметте. Бұған дейін мамандардың қоймадан шыққан өртпен бірнеше сағат арпалысқанын хабарлағанбыз.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев Қауіпсіздік кеңесінің отырысын өткізді

Шымкентте TikTok арқылы жүргізуші куәлігін саудалаған ер адам қамауға алынды

Air Astana басшылығына төленетін төлемдер шамамен 6 млрд теңгеге дейін ұлғайған

Зейнетақының 20 пайызын ұстап қалатыны рас па?