Оңтүстік Кореяда коронавирус қаупінің «қызыл деңгейі» жарияланды

23 ақпан күні коронавирус жұқтыру жағдайларының жылдам өсуіне байланысты  Оңтүстік Корея үкіметі қауіптің «қызыл деңгейін» жариялады. Бұл жөнінде үкіметтің шұғыл отырысын өткізген ел президенті Мун Чжэ Ин мәлімдеген.

Алматы, NEGE. Синьхуа агенттігінің хабарлауынша, бұл шараның мақсаты – қауіпті індетке қарсы күресті күшейту. Оңтүстік Корея билігі әлем жұртшылығын доңыз тұмауы мазалаған 2009 жылдан бері алғаш рет эпидемиологиялық қауіптің ең жоғары деңгейін жариялап отыр.

Себебі 23 ақпанда, бір тәулік ішінде коронавирус жұқтырғандар саны 123-ке көбейіп, 700-ге жетті. Елдің төрт азаматы қауіпті індеттен көз жұмса, 18 адамға ем қонып, ауруханадан шығарылған. 

Қазір оқып жатыр

Атырауда түрмедегі төбелестен кейін бір адам көз жұмды

Альпинист Ерванд Ильинскийге «Қазақстанның Еңбек Ері» атағы берілді

Қазақстанда тағы бір блогерге іздеу жарияланды

Алматыда ер адам 12 жастағы балаға пышақпен шабуыл жасап, гитарасын тартып алмақ болған