Оңтүстік Кореяда қазақстандық бойжеткеннің денесі табылды

Оңтүстік Кореяда 29 жастағы қазақстандықтың денесі табылды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Алматы, NEGE. Ведомствоның мәліметінше, 2020 жылдың 16 қаңтарында Оңтүстік Кореяның Ансан қаласында өз пәтерінен Қазақстан азаматшасының денесі табылған. «Қала полициясынан келіп түскен ақпаратқа сәйкес, ол жуынатын бөлмеден асулы күйде табылған», – деп хабардар етті Сыртқы істер министрлігі баспасөз қызметінің жетекшісі Нұрбек Алмашев.

Қазіргі уақытта аталған оқиға бойынша тергеу амалдары мен сот-медицинадық сараптамасы жүргізілуде. Оңтүстік Кореядағы Қазақстанның елшілігінің консулдық бөлімі марқұмның жақындарына қажетті барлық консулдық-құқықтық көмек көрсетуде. Еске сала кетсек, өткен жылы желтоқсан айында Канадада оқып жүрген қазақстандық сутдент Дамир Құсайынның жол апатынан қаза тапқаны хабарланды.

Қазір оқып жатыр

Ломбардтағы қарыздар соттан тыс банкроттық шартынан алынып тасталды

Алматыда дәрігерлер әйелдің іш қуысынан 25 келілік үлкен ісікті алды

Талдықорғанда зейнеткерден 5 келіден астам гашиш тәркіленді

Тоқаев Алматы әкіміне LRT мен SkyTrain-ді енгізу жұмысын жеделдетуді тапсырды