Оңтүстік Кореяда қашып кеткен екі қазақстандықтың жағдайы белгілі болды
Ұсталған екі Қазақстан азаматы қазір қамауда отыр. Бұған дейін олар елге кіруге тыйым салынғанына қарамастан, Инчхон әуежайының аумағынан қашып кеткен еді.
Алматы, NEGE. Екі қазақ та өз ісін мойындап, отбасын асырау үшін жұмысқа келгенін айтты. Оларға шекараны заңсыз кесіп өтіп, қашып кетті деген айып тағылды. Ұсталғандар - Түркістан облысының тумаcы.
Бір қазақстандықты отандастарының қолдауымен еліне қайтару керек. Екіншісі Оңтүстік Корея түрмесінде үш ай болады. Бұл елдің заңнамасы бойынша ол 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Қазақстан азаматтарының бұл әрекеті Оңтүстік Кореяда жұрттың наразылығын тудырды. Кейінгі екі күнде Оңтүстік Кореядағы 23 қазақстандық азаматтығына байланысты жұмыстан шығарылғаны хабарланды.