Оңтүстік Кореяда 18 адам коронавирус жұқтырған

Оңтүстік Корея тағы екі адамның коронавирус жұқтырғанын растады, осылайша олардың жалпы саны 18-ге жетті, деп хабарлайды РИА Новости.

Алматы, NEGE. Қауіпті індет жұқтырғандардың бірі – 38 жастағы оңтүстік кореялық. Ол 18-24 қаңтар аралығында Сингапурда өткен конференцияға қатысқан екен. Кейін сол жиында вирус жұқтырған адамның болғаны анықталған. Осыған байланысты Корей тұрғыны 4 қаңтар күні медициналық тексеруден өткенде, оның індет жұқтырғаны белгілі болған.

Коронавирус жұқтырған 18-інші адам – 21 жастағы бойжеткен. Қазір осы адамдармен байланыста болған 129 адам тексеріліп жатыр. Олар 14 күндік карантинде болады.

Қазір оқып жатыр

Қызылордада «TURǴYNDAR AMANATY» партиялық жобасы аясында форум өтті

Өнеркәсіптің өңдеу секторындағы өсімі төрт айда 9,9%-ды құрады

Қазақстанда бақбақтың қай түрін жұлғандарға 13 млн теңге айыппұл салынады?

Күзде пайызсыз ипотека беріле бастауы мүмкін