Оңтүстік Корея Ресейге салынған санкцияларға қосылады
Корея Республикасы Украинадағы жағдайдың шиелінуісіне байланысты Ресей Федерациясына қарсы салынған санкцияларға қосылады. Бұл туралы президент Мун Чжэ Ин мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz.
Алматы. NEGE. "Корея Республикасы халықаралық қоғамдастықтың жауапты мүшесі бола отырып, халықаралық күш-жігерге, оның ішінде экономикалық санкцияларға қатысты қолдау білдіреді. Біз оған қатысамыз", - деді Оңтүстік Корея президенті.
Сондай-ақ Мун Чжэ Ин Украинадағы Оңтүстік Корея азаматтарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін шаралар қабылдауға шақырған.