Оңтүстік Корея президенті Хэллоуиндегі жағдай үшін кешірім сұрады
Оңтүстік Корея президенті Юн Сук Ёл Сеулдегі Хэллоуин мерекесінде болған оқиғаға байланысты халықтан кешірім сұрап, кінәлі барлық шенеуніктерді жауапқа тартуға уәде берді.
Алматы, NEGE. Президент қаза болғандардың отбасыларына көңіл айтты. Ол өзін балаларынан айырылған ата-анамен салыстыруға батылы бармайтынын, бірақ президент ретінде қайғырып отырғанын атап өтті.
Ол сонымен қатар полиция мен ұлттық қауіпсіздікті басқару жүйесін реформалайтынын айтқан. Қазір бұл оқиғаға қатысты құзырлы органдардың әрекетіне қатысты тергеу жүріп жатыр.
Айта кетейік, жиында билік адамдар көп жиналатын жағдайда қауіпсіздікті қамтамасыз ету шараларын талқылады.
Сеулдің ресми ақпарат құралдары кем дегенде 156 адамның қаза тапқанын хабарлады. Оңтүстік Корея президенті Юн Сок Ёл 5 қарашаға дейін ұлттық аза тұту жариялады.
Сеулде 26 жастағы ақтөбелік Мәдина Шерниязова көз жұмды. Қаза тапқандар арасында Ресей, Қытай, Иран, Жапония, Өзбекстан, Норвегия және Вьетнам азаматтары бар барлығы 26 шетелдік бар.