Оңтүстік Корея індеттің таралуына тосқауыл қоя алмай отыр

Бұл елде індетті жұқтырғандардың жалпы саны 13 мыңнан асып, 12 мыңы толықтай сауығып кеткен. Тәулігіне 50-60 адамнан «Covid-19» анықталады.

Алматы, NEGE. Олардың жартысына жуығы  өзге елдерден келген азаматтар.  Мәселен, сәрсенбі күні 33 саяхатшыдан коронавирус анықталды. Олардың 15-і Қазақстаннан, 6-ы Еуропа елдерінен, қалғандары Қырғызстан, Филиппин, Катар, АҚШ, Өзбекстан және Ирактан келген. Инфекцияның жаңа ошақтары Сувон, Коян және Гванжу қалаларындағы шіркеулер екендігі белгілі болды. Осыған байланысты ертеңнен бастап Оңтүстік Кореяда діни ұйымдардың жұмысына шектеу қойылады. Ережені бұзғандарға 3 миллион вонға дейін айыппұл салынады. Бұл шамамен 2 жарым мың доллар.

Корея Республикасы денсаулық сақтау министрінің орынбасары Ким Ган Рип: "Жұма күні кешкі сағат 6-дан бастап шіркеуге келген барлық қонақтың температурасы өлшенеді. Егер коронавирустың белгілері болса, кіруіне тыйым салынады. Және олар маска тағып, әлеуметтік қашықтықты сақтаулары тиіс.  Кіре берісте қонақтар тіркеуге алынып, байланыс телефондары жазылады. Әрбір ғибадатханада шектеу шараларының сақталуын қадағалайтын бір қызметкер болады" деді.

Қазір оқып жатыр

Полиция полковнигі Данияр Мейрхан қызметінен шеттетілді

Оқу-ағарту министрі мұғалімдерге сүйінші жаңалық жеткізді

Алматыда «Медеу» маңындағы 288 гектар жер мемлекетке қайтарылды

Қазақстандық әйел порнография үшін Қырғызстаннан бала сатып алған