Оңтүстік Корея бапкері әлем чемпионатынан кейін жұмыстан кетті

Паулу Бенту футболдан Оңтүстік Корея құрамасы бапкері қызметінен кетті. Команда Катардағы әлем чемпионатының 1/8 финалында жарыстан шығып қалды, алайда маман шешімді одан бұрын қабылдағанын айтады, деп хабарлайды Vesti.kz.

Алматы, NEGE. "Болашақты ойлау керек және ол Корея құрамасының ойыншыларымен байланысты емес. Мұны қазір ғана ойыншылар мен федерация президентіне айттым. Бұл шешім қыркүйекте қабылданды. Футболшыларға алғыс айтқым келеді. Олар бар күшін салды. Оларды жаттықтырғанымды мақтан тұтамын", - деді Паулу Бенту. 

Еске салайық, 2022 жылғы әлем чемпионатының 1/8 финалында Оңтүстік Корея құрамасы Бразилиядан 1:4 есебімен ұтылды. Бенту команданы төрт жыл жаттықтырған.. 

Қазір оқып жатыр

«Біз мұнда отбасымызбен демаламыз»: Алматы облысында 12 мыңға жуық адам сенбілік өткізді

Тоқаев Лукашенко мен Путинге қазақстандықты босатуға көмектескені үшін алғыс айтты

Түркістан облысында екі көпірді су шайып кетті

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды