Оңтүстік айналма жолының құрылыс барысы бақылауда

Шымкент қаласы әкімі аппаратының басшысы Ғабит Мәуленқұлов бастаған арнайы топ өкілдері Шымкент-Ташкент бағытындағы «Оңтүстік айналма жолының» құрылыс барысын аралап көрді.

Шымкент, NEGE. Оңтүстік айналма жол-құрылысының (Ленгер тас жолынан бастап КХ-15 облыстық маңызы бар автожолына дейін) мерзімі 2021-2022 жылдарға жоспарланған.

Құрылыстың бас мердігері - «Корпорация Береке-А» ЖШС. Жол-құрылысының ұзындығы - 16 шақырым. Қазіргі таңда көпір өткелі құрылысы, жол жабынының жер жұмыстары атқарылуда. Бекітілген өндірістік кестеге сәйкес, биыл жолайрық құрылысы, байланыс, электр, газ, сыртқы сумен қамту жүйелерінің орнын ауыстыру және жол-құрылысы жұмыстарын жүргізу жоспарланған. Бұл орайда жалпы 91 жер телімін мемлекет мұқтаждығына қайтару қажет. 

Қазір оқып жатыр

Ақтөбеде Жеңіс күніне арналған еске алу шаралары өтті

Тоқаев Мәскеудегі Жеңіс күніне арналған әскери шеруге қатысты

Қонаевта Жеңіс күніне орай боздақтар рухына тағзым жасалды

Астанадағы плац-концертте «Арланнан» түтін шықты