Онлайн-саудада да тұтынушылардың құқықтары қорғалатын болады

Заң жобасына онлайн саудада тұтынушылардың құқықтарын қорғау ережелері енгізіледі.

pixabay.com

Алматы, NEGE. Осыған байланысты электронды сауда алаңдары сатушыларды электрондық сауда алаңына жіберудің ішкі рәсімдерін қамтамасыз етуі тиіс. Оның аясында тұтынушылардың құқықтарын қорғау талаптарын сақтау бойынша келісімдер жасалады.

Сатушының үстінен тұтынушы шағымы түскен кезде электронды сауда алаңы тұтынушының құқықтарын қалпына келтіру шараларын қабылдауы керек. Бұл ереже уәкілетті органға сауда қызметін реттеу заңнамасын бұзғаны үшін кәсіпкерлерді әкімшілік жауапкершілікке тартуға мүмкіндік береді. Мысалы, сатып алушыға тауар, кепілдік міндеттемелері және талап қою тәртібі туралы қажетті ақпаратты беруден бас тартқаны үшін кәсіпкерлерге 6-дан 30 АЕК-ке дейін айыппұл салынады.

Ал жеке тұлғаларға ескерту беріледі немесе 2 АЕК көлемінде айыппұл салынады.

Қазір оқып жатыр

«Ареке, дос болайық»: Журналист Арай Есенбектің ісі бойынша тың мәлімет шықты

Айдын Рахымбаев математика пәнінің мұғаліміне BI-дың акциясын сыйлады

«Әділет» партиясының қатарына онлайн түрде қосылуға болады

Ержан Бабақұмаровты өлтірген ер адамға үкім шықты