Онлайн құрбандық шалуға арналған сайт іске қосылды

Елде онлайн құрбандық шалуға арналған сайт іске қосылды.

gov.kz

Алматы, NEGE. Qurban.muftyat порталында тұрғындар мал шалуға немесе құрбан етін алуға өтініш қалдыра алады. Сайтта белгіленген баға бойынша қойдың құны 85 мың теңге, ал ірі қара 560 мың теңге.

Онлайн түрде құрбан шалам деушілер сайт арқылы құрбандық малын таңдап, төлем жасайды. Тапсырыс сәтті өтсе, ұялы телефонға хабарлама келеді. Құрбандық шалынған соң, оның фото және видео есебі жіберіледі.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының айтуынша, қой мен ешкіні жеке адам, ал ірі қара мен түйені бір немесе жеті адам бірігіп құрбан ете алады.

Қазір оқып жатыр

Мәжіліске Қытай Парламентінің басшысы келді

ҚТЖ топ-менеджерлеріне 1 млрд теңгеден астам сыйақы төленген: компания басшысы мән-жайды түсіндірді

Депозиттен кредиттің проценті көп. KEGOC НЕГЕ қинала бастады?

Тоқаев Астана әкімі Жеңіс Қасымбектің қызметін оң бағалады