8 сентября 2020 г. 16:09

Онлайн концерт көргіңіз келе ме?

Фото:

Жамбыл атындағы филармония ұжымы музыкалық өнер саласындағы өткен және қазіргі заманның ұлы қайраткерлерінің бейнелерін қалыптастыруға және олардың шығармашылығын ұлықтауға бастама жасайды.

Алматы, NEGE. ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясы 2020 жылдың 30 қыркүйек пен 4 қазан аралығында КСРО Халық әртісі Нұрғиса Тілендиевтің 95 жылдығына арналған «Әлқисса» фестивалін өткізуді жоспарлап отыр.

Аталған фестиваль аясында Н. Тілендиев атындағы академиялық фольклорлы-этнографиялық «Отырар сазы» оркестрінің және шақыртылған әртістер мен  ұжымдардың қатысуымен бірқатар іс-шаралар, сондай-ақ, 1 -29 қыркүйек аралығында көрнекті композитордың шығармаларын орындаудан музыкалық мектептер, колледждер мен шығармашылық жоғары оқу орындарының оқушылары және музыкалық ұжымдар әртістері арасында домбырашылар мен әншілердің республикалық онлайн-байқауын өткізу жоспарлануда.

Әр номинация бойынша I, II және III орын лауреаттарына ақшалай сыйақы және «Тілендиевтер отбасынан» арнайы сыйлық қарастырылған. Сонымен қатар, әр номинацияның екі жеңімпазына филармония  2021 жылы «Отырар сазы» оркестрінің қатысуымен жеке концертін өткізеді және байқау жеңімпаздары 4 қазан күні филармонияның Үлкен залында онлайн форматта өтетін Фестивальдің Гала-концертіне қатысады. 

Тегтер: