Онлайн алаяқтар көбейді
Оралда ғаламтор арқылы тұрғындарды сан соқтырып, оңай олжа табатын алаяқтар көбейіп кетті. «Пысықайлардың» көбісі банк қызметкерлерінің атын жамылады.
Алматы, NEGE. Зардап шеккендер қатарында миллионынан айырылғандар да бар. Биыл 250-ден астам алаяқтық дерегі анықталған. Бұл тек ресми тіркелген мәлімет қана. Онлайн отырып опық жеГізгендер оңайлықпен ұсталмайды да. «Оңай, әрі жылдам ақша тап». Орал қаласының тұрғыны Тұрар әлеуметтік желіден осындай жарнама көріп, олармен байланысқа шықты. Егер кемінде 15 мың теңге жолдаса, қаржыны әп-сәтте 400 мың теңгеге дейін көбейтіп алуға болатыныны туралы хабарлама келген. Тұрар ойланбастан қолындағы бар ақшасын аударып жіберді.
"20 мың сал деді. 20 мың салғаннан кейін «ол аз, тағы 30 мың теңге сал» деді. 30 мың салдым. Ол да тоже ұтыс шығып тұр, бірақ сізге тағы ақша салу керек деді. Короче, 89 мың теңге салдым. 2.03. Бір сағаттың ішінде шығарып береміз деп ақшаны, и жоқ олар. Жоқ болып кетті. Заявление жаздым полиция қызметкерлеріне. Сентябрьде сол ақшамды кері қайтарып алдым. Осы полиция қызметкерлеріне рахмет айтқым келеді" дейді зәбірленуші.
Орал қалалық полиция басқармасы бастығының орынбасары Нұрлан Бисенов: "Осындай 28 алаяқтық дерегі ашылды. 15 қылмыс бойынша шығын толықтай өтелді. Ал қалған істер бойынша әзірге күдіктілер ұсталды. Шығынды қайтару бағытында жұмыстар жүргізіліп жатыр. ҚР Қылмыстық Кодекстің 190-бабы, 2-бөлімі бойынша алаяқтар 2 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін" дейді.
Компьютер тілін жетік білетін алаяқтар сан түрлі амалға барады. Олардың көпшігі тұрғындарға қоңырау шалып, өздерін банк қызметкері ретінде таныстырады. Қой терісін жамылған қасқырлар жеке мәліметтерді біліп алған соң, есепшоттарды бұзып, қаражатты қолды қылады. Алаяқтардың 90 пайызы қаржы құрылымының маманы екенін айтып, сенімге кіріп алады. Кейбірі тұрғындарға хабарласып, есепшотқа әлдекімнің шабуыл жасап жатқаны жөнінде жалған ақпарат береді. Сөйтіп, ақшаны басқа шотқа аударуға кеңес береді. Олар құйтырқы әрекетін осы сәтте жүзеге асырады. Зәбірленушілер арасында 15,18 млн теңгесінен айырылып қалғандар бар. Жыл басталғалы Оралда 530 алаяқтық дерегі тіркелген. Олардың тең жартысы - онлайн опық жегізгендер. Виртуалды ұрыларды құрықтау қиынға соғады. 170 қылмыс әлі күнге ашылмаған.