Онкологиялық ауруларға күдік келтірілген адамдарды тексеру үшін «жасыл жол» ережесі енгізілді

Онкологиялық және гематологиялық ауруларға күдік болған кезде зерттеп-қарау мен емдеуді жеделдету және жеңілдету үшін «Жасыл жол» ережесі енгізілді, яғни қандай да бір ісік ауруларына күдік болса, барлық зерттеулерді емханаларда 18 күнде өтіп болуы керек. Атап айтқанда, зертханалық зерттеулер, ЭКГ, рентген, КТ, МРТ, ультрадыбыстық және эндоскопиялық зерттеулер. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният хабарлады.

Алматы, NEGE. «2025 жылға қарай 500 медициналық-санитарлық алғашқы көмек объектісін салу, ауыл тұрғындары мен балаларға арналған профилактиканың жаңа тәсілдерін енгізу (Check-Up), пациентке бағдарланған мобилдік бригадалар, үздік практика орталықтары, ауруларды басқару бағдарламасы жетілдіріледі, консультациялық-диагностикалық қызметтер кеңейтілуде, жыл сайын дәрігерлер, соның ішінде ауылдық жерлерде жетіспейтін дәрігерлерді жеткізу шаралары жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, қабылданады. Телемедицинаны және қашықтықтан медициналық қызметтерді дамыту, медициналық-санитарлық алғашқы көмек ұйымдарында геронтологиялық учаскелер ашу, яғни егде жастағы адамдарға өздеріне қолайлы қызметтерді ұйымдастыру, сотталғандарға қызмет көрсету үшін мамандандырылған дәрігерлік учаскелер ашу, амбулаториялық оңалтуды дамыту жоспарланған», - деді А.Ғиният. 

ДСМ басшысы осы шараларды іске асыру нәтижесінде медициналық санитарлық алғашқы көмек көрсетуді қаржыландыру ұлғайғанын атап өтті. Оны 6-ға дейін арттыру және одан әрі 60%-ға дейін жеткізу жоспарланған, бұл ДДСҰ-ның кеңесіне сәйкес келеді.