Өнеркәсіптен креативті экономикаға дейін: «Әділет» партиясының штабы Атыраудың тұрғындарымен кездесті
«Әділет» партиясы еліміздің өңір-өңірін аралап, халықпен кездесулерін жалғастырып жатыр.
Астана, NEGE. Бүгін Республикалық сайлауалды штабтың мүшелері Маңғыстау облысынан кейін Атырау облысына келіп жетті. Бұл аймақта еліміздің ең көне мұнай өңдеу зауыты, отандық мұнай өнеркәсібінің негізін қалаған «Ембімұнайгаз» бар екенін айта кетейік.
«Ембімұнайгаз» мұнай бұрғыласа, Атыраудағы Мұнай өңдеу зауыты шикізат өндіріп, ішкі нарыққа мұнай өнімдерін шығарады. Осы екі өндіріс ошағы үшін де еңбек өнімділігін арттырып, цифрлық технологиялар енгізу және қазіргі заманға сай мамандар даярлау мәселесі өзекті болып отыр. «Әділет» партиясының өкілдері екі кәсіпорынның жұмысшыларымен кездесе отырып, осы мәселелерді талқылады.
«Атырау – еліміздің энергетикалық жүрегі. Сондықтан энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету партияның «Әділетті болашақ үшін» атты сайлауалды бағдарламасындағы он негізгі басымдықтың қатарына енді. Дамыған экономика адамдардың өміріне нақты әрі оң өзгеріс әкелуі тиіс. Біз елде лайықты еңбекақы төленетін, еңбек жағдайы қауіпсіз, әлеуметтік кепілдіктері толық сақталатын, тұрақты жұмыспен қамтылған әрі заманауи цифрлық еңбек қатынастары енген бір миллион сапалы жұмыс орнын құруды мақсат етіп отырмыз», – деді жұмысшылардың сұрақтарына жауап берген «Әділет» партиясының өкілдері.
Партия өкілдері өңірдің дамуын мұнай-газ және қайта өңдеу өнеркәсібінің дамуымен байланыстырады. Сол үшін де салық, өнеркәсіп, қаржы және сауда саясаты салаларын өзара үйлестіріп, оларды қайта өңдеу саласын дамытуға бағыттау туралы ұсыныс айтылды.
Ал, кадр даярлау мәселесін «жасыл» технологиялар және экологиялық менеджмент бағыттары бойынша жас инженерлерді оқыту арқылы шешу ұсынылды.
«Біз инженерлердің білімі нағыз өндіріспен байланысты болғанын қалаймыз. Сондықтан, дуалды білімді дамытып, студенттердің кәсіпорындардағы тәжірибесін молайтқымыз келеді және колледждерде заманауи орталықтар ашамыз», – деді Эльдар Жұмағазиев.
Атырау облысын аралап жүрген «Әділет» партиясының өкілдері «Ембімұнайгаздан» басқа машина құрылысы саласындағы елдің алпауыт зауыты TEXOL, кретаивті экономиканың ордасы – Atyrau Creative Hab-ты аралап, жұмысшылармен еркін әңгіме құрды және олардың сұрақтарына жауап берді.
Дайындаған:
«Әділет» партиясының баспасөз қызметі.
«Әділет» партиясы» ҚБ сайлау қорының қаражаты есебінен төленді.
Тапсырыс беруші: Н.Т. Мыңжасаров.