Өнер иелерінен тарту
Шоу-бизнесте жүрген өнерпаздар шығармашылығын қолға алды. Тыңдарманның көңілінен шығу үшін олар репертуарын жаңартып, әнбаян таспалады.
Продюсер Алуа Қонарованың бастамасымен құрылған «Рензо» тобы жаңа туындыны ұсынды. Жігіттер «Нам мало» әніне видео түсіріп, жанкүйерін қуантты. Ырғақты әннің кадрлары бейнебаян ретінде саналмайды. Десе де, жігіттердің еңбегі еленбей қалмады. Ән де, клип те ютуб қолданушыларының оң бағасына ие болды.
Жаңа туындымен Назима да өз тыңдарманын қуантуға асық. Black Star-лық арудың «Ленты» атты трегінің желідегі тизері шоу мен шуға толы. Махаббат хикаясын насихаттайтын бейнебаян 17-ші наурыз күні қалың көрерменге жол тартпақ.