Он жылда Кореядан Қазақстанға тікелей инвестиция 4,5 млрд долларға дейін өсті
Соңғы 10 жылда Кореядан Қазақстанға тікелей инвестиция 4,5 миллиард долларға дейін өсті. Бұл туралы Нұр-Сұлтан мен Сеул іскер топ өкілдерінің онлайн-кездесуінде айтылды.
Нұр-Сұлтан, NEGE. Семинарға 75-ке жуық оңтүстіккореялық компания қатысып, салаға қатысты мәселелерді талқыға салды. Оңтүстік Корея Қазақстан экономикасына салған инвестиция көлемі бойынша алғашқы ондыққа кіреді. Сондықтан елшілік тарапынан ұйымдастырылған семинар қос мемлекет үшін де маңызды еді. Мысалы, Оңтүстік Кореяның құрылыс корпорацияларының бірі Қазақстан астанасында үй салуға ниеттеніп, 7 мыңға жуық пәтер салды.
Ержан Балтаев, «Astana Invest» қалалық инвестицияларды дамыту орталығының басшысы:
- Ал, бізді әуежай қызықтырады. Халықаралық әуежай хабына айналдыру жобасын айтар едік, мұнда сауда нүктелері, қонақ үйлер, логистикалық орталықтар сияқты бірқатар жобалар жүзеге асырылады. Біз географиялық орналасуымызды және жалпы инфрақұрылым тұрғысынан мүмкіндіктерімізді ескере отырып, мұндағы әлеуетті көреміз.
Қазақстанмен ынтымақтастық тек Кореядағы ғана емес, сонымен қатар Шығыс Азиядағы ең ірі IT-компанияға да ой салды. Оның тұтынушыларының қатарында мыңнан астам оңтүстіккореялық корпорациялар бар. Арнайы кеңселері АҚШ, Қытай, Сингапур және Біріккен Араб Әмірліктерінде жұмыс істейді. Коронавирус кезеңінде де компания қызметі үлкен сұранысқа ие болды.
«Астана-Инвест» орталығынан Оңтүстік Кореядағы Қазақстан елшілігені 40-тан астам ұсыныс түсті. Барлығы дерлік бірлескен жобалар бойынша. Енді келіссөзге өкілетті орындар араласуы тиіс. Корея іскер азаматтары тіпті денсаулық сақтау ісіне қаржы салуға мүдделі.