"Өмірімде көрмеген Дариғаны көрдім": Дархан Мұсаев әйелінің 1 миллиард 850 миллион теңгеден кейін өзгеріп кеткенін айтты
Актриса Дариға Бадықованың күйеуі Дархан Мұсаев “Уақыт көрсетеді” бағдарламасында танымалдық пен ақшаның әйелін адам танымастай өзгертіп жібергенін айтты.
Алматы, NEGE. “Миллиард теңгеден кейін мүлдем өзгеріп кетті. “Айналайын, сен бүйте қойшы” деп пісіп кеткен. Соңына дейін көрейінші не боларын дедім. Сонымен фильмнің көрсетілімі тоқтайды. 1 миллиард 850 миллион теңге жиналды дегенде мүлдем өмірімде көрмеген Дариғаны көрдім. Осының алдында мынандай әңгіме болды. “Дархан, сен қаншы жыл ұрпақсызсың. Мен саған тоқал алып берейін. Осы үйде тұр, болмаса сол әйелмен бөлек қала тұр. Ұрпақ сүйсең” деп күліп отырып айтты. Мен “былықтырма, олай болмайды, енді арманымызға жеткенде ондай әңгімені қой” дедім”, – деді Дархан Мұсаев.
Айтуынша, ол осы уақытқа дейін әйелінің ақшасына қарап отырған адам болмаған. 2015-2017 жылдарға дейін бір тойға барып, жер алып, темір тұлпар сатып алатындай жағдайда болған. Соңғы 2-3 жылда табысы Дариға Бадықованың табысынан 34 есе азайған. Ол сол себепті әйелі өзінің сағын сындара бастағанын айтып қалды.
Оның өзінше, әйелінің қас-қабағына қараймын деп күшік күйеу болып кеткенін де мойындады.
“Көңілім босағанда, мен 15-16 жасымда анамнан айырылғанмын. Анамнан артық емес қой. Қайта қуанамын. Мен әкем жоқтай болып кетті. Мен үшін бауырларым, туысқандарым, сыныптастарым жоқ болды. Әкем Дариға екеуіміз отасқалы бері үйіме 3-4 рет қана қонды. Үш бауырым бар. Бейбіт Мұсаев өнер адамы, қолында бар адам болған соң қабағын ашқан болар. Үлкен бауырым да 4-5 рет қонды. Ал туған әпкем, ана орнына ана болған Мәншүк 16 жыл бойы мүлдем үйіме келмеген. Дариғаның қабағына қарадым. Жақтырмайды. “Осы тыныш болсыншы” деп қатынжанды болып кеттім. 18 жыл бойы күшік күйеу болғаныма өкінемін”, – деді ол.