Өмір бойы тақтан түспейтін болды

Түрікменстанның бұрынғы президенттері Парламент палатасында өмір бойына қызметке тағайындалатын болды. Бұл туралы Конституциясының өзгертілген нұсқасында айтылады, - деп хабарлайды tengrinews.kz 'Хроника Тукменистана' басылымына сілтеме жасап.

Алматы. NEGE. Басылымның мәліметінше, бүгін, 24 ақпанда Түрікменстан Конституциясына өзгертулер мен толықтырулар енгізілді. Жаңа ережелер бойынша, Түрікменстанның әр экс-президенті өмір бойына Парламенттің Жоғарғы палатасының - Халық Мәслихатының мүшесі болып сайланады.

Жоғарғы және төменгі палата басшыларының құпия дауыс беру арқылы сайланатыны айтылады.