«Омикроннан» маска қорғайды – жапон ғалымдары

Жапонияның Riken физика-химиялық зерттеулер ғылыми институтының ғалымдары «омикрон» штамына қарсы күресте масканың тиімді қорғау құралы екенін дәлелдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алматы. NEGE. Егер ауру адам бетперде кимеген болса, тасымалдаушыдан covid-19 жұқтыру қаупі 100 пайызға дейін жетуі мүмкін.

Зерттеушілер суперкомпьютердің көмегімен әртүрлі жағдайларды модельдеді. Зерттеу кезінде 15 минут ішінде коронавирус тасымалдаушысымен сөйлескеннен кейін адам ағзасының реакциясына бақылау жүргізіліпті.

Сарапшылар науқас маска тағып, онымен бір метр немесе одан да көп қашықтықта сөйлесетін болса, инфекция жұқтыру қаупі нөлге жақын болатынын анықтады. Сондықтан олар вакцина салдыру, қауіпсіз қашықтықты ұстану және жеке қорғаныс құралдарын пайдалану бойынша талаптарды сақтау қажеттігін айтты.

Қазір оқып жатыр

Ақтау теңіз портының бұрынғы басшысы сотталып, сот залында босатылды

Қазақстанда соғыс ардагерлерінің әрқайсысына 10 мың доллардан көмек берілді

Оралда өлім себебін жасырған сарапшы сотқа тартылды

Нұрай Серікбайдың қазасы: полиция күдіктінің туыстарын тексеріп жатыр