Омбы – Майқапшағай тасжолында төрт адам қаза тапты

3 қазан күні халықаралық маңызы бар Омбы – Майқапшағай тасжолында адам өлімімен аяқталған жол-көлік оқиғалары тіркелді.

Полиция

Алматы, NEGE. Өңірлік полиция департаментінің мәліметінше, қайғылы жағдайлардың басты себебі — жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзу болған: қарсы бағытқа шығу; тұтас сызықпен белгіленген жерде бұрылу.

"Аталған ереже бұзушылықтардың салдарынан төрт адам көз жұмды", - делінген хабарламада.

Абай облысының полиция департаменті барлық жүргізушілерді жолда аса мұқият болып, көлік тізгініндегі жауапкершілікті сезінуге шақырды.

Қазір оқып жатыр

«Біз мұнда отбасымызбен демаламыз»: Алматы облысында 12 мыңға жуық адам сенбілік өткізді

Тоқаев Лукашенко мен Путинге қазақстандықты босатуға көмектескені үшін алғыс айтты

Түркістан облысында екі көпірді су шайып кетті

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды