Олжас Сүлейменов «Қазақстан халық конгресі» партиясының төрағасы болып сайланды
Алматыда «Қазақстан халық конгресі» жалпыұлттық қозғалысының съезі өтті.
Алматы, NEGE. Съезге еліміздің әр өңірінен барлығы 1 500-ге жуық делегат келді.
Олжас Сүлейменов бастаған белсенділер бар тәжірибе мен күш-қуатты азаматтық қоғамды біріктіруге бағыттайтындарын жеткізді.
Олжас Сүлейменов бірауыздан партия төрағасы болып сайланды.
Партия Жарғысының жобасы да бірауыздан мақұлданды.