Олжас Сүлейменов: Алма-Ата – таза қазақы атау, Алматыдағы «ты» жұрнағы – қытайша
Танымал ақын, қоғам қайраткері Олжас Сүлейменов «Алма-Ата – таза қазақы атау, Алматыдағы «ты» жұрнағы – қытайша» депті ол «Вечерний Алматы» газетіне берген сұхбатында.
Алматы, NEGE. Оның айтуынша, «Алма-Ата – алманың әкесі, атасы. «Бұл әлемдегі ең ескі атау. Мұны біздің ғалымдар да дәлелдеді. Сиверс алмасы жер бетіндегі алғашқы алма. Басқа планетада мұндай жоқ. Сондықтан «Алма-Ата» атауы сөзсіз келіп тұр. Бұл арқылы біз әлемге алғаш пайда болған жемістің негізгі отаны екенімізді мәлімдейміз. Адам ата мен Хауа ананы білесіздер ғой. Тіпті, Нью-Йорк қаласын да «Үлкен Алматы» деп атайды. Мен онда болдым, бірақ алма бағын көрмедім. Сол себептен біздің Нбю-Йоркпен салыстырғанда бұл атауды қайтарып алуға құқымыз бар. Алма-Атадан басқа атау болуы мүмкін емес те», – деді ол.
Сондай-ақ, ол бұл атаудың неліктен қайта оралу керегін былайша түсіндіріпті. «Біріншіден, Алматы деген сөздегі «ты» жұрнағы – қытай сөзі. «лы» - жалпытүріктік. Алмалы – алма өсетін бақ. Оны бұрынғы тұрғындар солай деген. Ал «ты» жұрнағы жоңғар, қалмықтардыкі. Мысалы, бізде Мойынты станциясы бар, ол шын мәнінде Мойынлы болуы керек. Осы секілді бірнеше географиялық атауларды айтуға болады» деген белгілі ақын.