Олжас Құдайбергенов Президенттің кеңесшісі қызметінен босатылды

Олжас Құдайбергенов ҚР Президентінің экономикалық мәселелер бойынша штаттан тыс кеңесшісі қызметінен босатылды.

Алматы, NEGE. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли жазды:

- Олжас Құдайбергенов Қазақстан Республикасы Президентінің экономикалық мәселелер бойынша штаттан тыс кеңесшісі қызметінен босатылды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Олжас Әбдімәлікұлына экономиканы дамыту жөніндегі ұсыныстары үшін алғыс айтты, делінеді жазбада.