Олжас Климин – Харбиндегі Азиаданың қола жүлдегері

Олжас Климин Харбиндегі Азиаданың қола жүлдегері атанды.

ҰОК

Алматы, NEGE. Шаңғы жарысынан Қазақстан құрамасының өкілі Олжас Климин Қытайдың Харбин қаласында өтіп жатқан 2025 жылғы Азия ойындарында үшінші орынға көтерілді.

Қазақстандық спортшы 10 шақырымдық еркін стильдегі жарыста ел намысын сәтті қорғады.

Климиннің мәреге жеткен уақыты – 21:20.3. Жеңісті жапониялық Харуки Ямашита (21:06.5) иеленсе, оның командаласы Такацуга Уда (21:16.5) екінші орынға тұрақтады.

Айта кетейік, бұған дейін Константин Борцов спринтте күміс жүлдегер атанған болатын.

Қазір оқып жатыр

«Алматы қаласындағы ахуал да тым күрделі»: Тоқаев Мирзиеёвтің бастамасын қолдады

«Хан Шатырдың» сатылатыны туралы жарнама жалған болып шықты

Қасым-Жомарт Тоқаевты Бұқара әуежайынан Шавкат Мирзиёев күтіп алды

Құлыбаевтар республикалық бюджетке қайырымдылық ретінде қомақты сома аударған