Олжас Бектенов ШҚО-дағы су тасқыны жағдайын тексеріп, ТЖ алдын алу шараларын күшейтуді тапсырды
Қазақстан Премьер-Министрі, Су тасқынына қарсы іс-шараларды үйлестіру және су тасқынының салдарын жою жөніндегі республикалық штабтың жетекшісі Олжас Бектенов су басу қаупіне байланысты ТЖ алдын алу жұмыстары жүргізіліп жатқан Шығыс Қазақстан облысына барды.