Олжас Бектенов шекарадағы сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы: Жүктерді тексеру деректерін талдау кезінде ЖИ енгізу қажет

Премьер-министр кедендік әкімшілендірудің жан-жақты әрі ашық болуы республикалық бюджет кірістерінің көлеміне айтарлықтай әсер ететінін атап өтті.

Үкімет

Алматы, NEGE. Сондықтан Қаржы және Сауда министрліктері экспорттық және импорттық операцияларға мониторинг жасауды күшейтуі қажет.

«Тәуекелдер бейінін жаңартып, жүк тасымалдарын “жасыл дәліз” қағидаты бойынша транзиттеу үшін жағдай жасау адами фактордың алдын алуы тиіс. Жүктерді тексеру деректерін талдау кезінде жасанды интеллектіні енгізу қажет.

Бұл сыбайлас жемқорлықтың жолын кесуге әрі шекарадан өту процестерін жеделдетуге мүмкіндік береді»,

— деп атап өтті Олжас Бектенов

Қаржы министрлігіне Қаржылық мониторинг агенттігімен бірлесіп, көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимылды үйлестіру жұмысын күшейту тапсырылды.

Қазір оқып жатыр

Қазақстандықтарға шенген визасын алу жеңілдейді: келіссөз қашан аяқталады?

Прокурор ерлі-зайыпты Жаныбыловтарды 4 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады

Алматылықтардың көлік салығы 7 млрд теңгеден асқан

Жүргізушіге ым-ишара тілінде көмек көрсеткен полицей елдің ықыласына бөленді