Олжас Бектенов «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасын іске асыру бойынша бірқатар тапсырма берді
Үкімет отырысында Премьер-министр денсаулық сақтау министрлігіне биыл құрылысы аяқталуы жоспарланып отырған 188 медициналық нысанның салыну барысына апта сайын мониторинг жүргізуді және ауруханаларды жаңғырту жұмысын қамтамасыз етуді тапсырды.
Алматы, NEGE. Заманауи медициналық құралдарды уақтылы сатып алу және нысандарды жабдықтау бойынша қажетті шараларды қабылдау қажеттігі атап өтілді.
Жобаларды уақтылы және сапалы іске асыру бойынша жергілікті атқарушы органдардың алдына міндеттер қойылды.
«Өңір әкімдері биыл жоспарланған барлық медициналық объектілерді мерзімінен кешіктірмей іске қосуды қамтамасыз етсін. Сондай-ақ бұл жұмыстың сапасына теріс әсерін тигізбеуге тиіс. Жетісу, Ақтөбе, Жамбыл, Шығыс Қазақстан облыстарының әкімдіктері осы жылғы 15-ші мамырға дейін аудандық ауруханаларды жаңғырту бойынша барлық жобалық құжаттаманы мемлекеттік сараптамаға жіберсін.
Қолдау шараларының толық әлеуметтік пакетін қамтамасыз ете отырып, медициналық кадрларды қазірден бастап тарту жөнінде нақты шаралар қабылдаған жөн», — деп атап өтті Олжас Бектенов.
Сондай-ақ өнеркәсіп және құрылыс министрлігіне осы жылдың 1-ші маусымына дейін ауруханаларды жаңғырту бойынша жобалардың мемлекеттік сараптамасын аяқтау тапсырылды.