Олжас Бектенов әуе рейстерінің кешігу жағдайларына қатысты тапсырма берді

Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады. 

pixabay.com

Астана, NEGE. Үкімет отырысында авиация саласын дамыту және цифрландыру мәселесі қаралды.

Премьер-министр әуе рейстерінің кешігу жағдайларына ерекше назар аударды.

«Ішкі ұшу сапарларының жиілігін арттыру, сондай-ақ халықаралық ұшу сапарларының географиясын кеңейту бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Бірақ әуе рейстерінің кешігу жағдайлары да жоқ емес. Көбінесе бұл әуе компаниялары мен әуежайлардың арасындағы ретсіз жұмыстардың кесірінен туындап жатады. Сондықтан Министрлікке өзара іс-қимылдың тиісті тетіктерін пысықтауды тапсырамын», – деп атап өтті Үкімет басшысы.

Қазір оқып жатыр

Түркістанда фельдшерлердің мәселесін көтерген азамат психиатриялық есепке заңсыз қойылған ба?

Алматыдағы қағаз зауытына 49,9 млн теңге айыппұл салынды

Польшада қазақстандық әйел қаза тапты

Трамп Ресей мұнайына салынған санкцияларды уақытша алып тастады