Олжас Бектенов Алматы қаласын сумен қамтамасыз ететін резервтік жүйе салу барысын тексерді
Қазақстан Премьер-Министрі Олжас Бектенов жұмыс сапарымен Алматыға барды. Негізгі мақсат – Мемлекет басшысының инженерлік және әлеуметтік инфрақұрылымды жаңғырту, кәсіпкерлікті қолдау және индустриялық негізді нығайту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын қадағалау.