12 февраля 2023 г. 10:49
"Өлсем, қарызымды өтеңдер": Үйінді астында қоштасқан отбасы әлемді жылатты
Кахраманмарашта 4 мүшесі бар отбасы жер сілкінісі кезінде үйінді астында қалып қойған, деп жазады inbusiness.kz.
Алматы, NEGE. Олар тірі қалғандарға кімдерге қарыз екенін айтып, хабарлама жолдады.
“Егер телефонымды танитын адам алатын болса, көмектесуіңізді сұраймын. Мойнымда ешкімнің ақысы кетпесін. Ахметтің баласының жәрдемақысы бар, оны да өтеңіздер. Бұл телефонды тапсаңыздар, ақыңызды адал етіңіз. Мұстафаға 2500 лира қарызым бар”, – деді әйел кісі.
Құтқарушылар бұл отбасыны да тапты. Төртеуі де үйінді астынан аман-есен шығарылды.