Олимпииада шеруі өтті

Қазақстан спортшылары Олимпиада шеруінде жүріп өтті.

Алматы, NEGE. Ашылу салтанатын Грекиядан келген спортшылар бастады.

Бұл тұңғыш Олимпиада өткен ел ретінде дәстүрге айналған. Одан кейін әлемнің әр қиырында шашырап жүрген адамдардан жиналған босқындар құрамасы шықты.

Қазақстандық 97 саңлақ күншығыс елінде спорттың 28 түрінен бақ сынайды. Токио төрінде Қазақстан жалауын боксшы Қамшыбек Қоңқабаев пен жеңіл атлет Ольга Рыпакова ұстап шықты. 

Биылғы Олимпиаданың бір ерекшелігі - әрбір мемлекеттің туын ұстап шығу мәртебесі екі спортшыға жүктеледі.

Қазақстан Ұлттық олимпиадалық комитеті айтулы аламанға баратын тізімді нақтылау мақсатында іріктеу және рейтингтік жарыстары аяқталғаннан кейін қорытынды шығарды.

Қазір оқып жатыр

«Ареке, дос болайық»: Журналист Арай Есенбектің ісі бойынша тың мәлімет шықты

Айдын Рахымбаев математика пәнінің мұғаліміне BI-дың акциясын сыйлады

«Әділет» партиясының қатарына онлайн түрде қосылуға болады

Ержан Бабақұмаровты өлтірген ер адамға үкім шықты