Олимпиадаға қатысқан бір топ қазақстандық спортшы елге оралды

Бүгін бас қаламыздың халықаралық әуежайына Бейжіңде өтіп жатқан қысқы Олимпиадаға қатысушылар – фристайл-могулдан Қазақстан ұлттық құрамасы ұшып келді, деп хабарлайды Мәдениет және спорт министрлігі.

Астана. NEGE. Спортшыларды Мәдениет және спорт министрлігінің өкілдері мен жанкүйерлер қарсы алды.

«Спорт – бақ пен бап қатар жүретін сала. Төрт жылда бір келетін дүбірлі додада бар күштеріңізді салып, жігерлеріңізді көрсеттіңіздер. Біз сіздерді қашанда қолдауға дайынбыз. Жарқын жеңістеріңіздің әлі де алда екендігіне сеніміміз мол» -деді ҚР МСМ Спорт және дене шынықтыру істері комитеті төрағасының орынбасары Айгүл Бектенова.

Естеріңізге сала кетейік, байрақты бәсекеде фристайл-могулда ұлттық құрама сапында алты спортшы ел намысын қорғады. Олардың қатарында Юлия Галышева мен Дмитрий Рейхерд финалға жолдама алып, Юлия он бірінші, ал Дмитрий сегізінші орынға жайғасты.

Қазір оқып жатыр

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына қаржы құйды

Мәсімовтің бұрынғы күйеу баласы қос азаматтығы болғанын мойындады

Вьетнамда ұсталған блогер Қайсар Қамза көшеде еркін қозғалып жүр