Олимпиадаға қатысып жатқан 16 адамнан коронавирус анықталды

Токио Олимпиадиасына қатысып жатқан 16 адамнан соңғы күні тапсырылған тест нәтижесі бойынша коронавирус анықталды. Бұл туралы бүгін Жазғы ойындардың ұйымдастыру комитетінің сайтында жарияланды.

Алматы, NEGE. Індет жұқтырғандардың 3-уі спортшы. Олар Олимпиада қалашығында тұрмайды екен.

Осылайша, COVID-19-ға шалдыққандардың жалпы саны 153 адамға жетті.

Естеріңізге сала кетейік, Токиода 12 шілдеден бастап эпидахуалдың ушығуына байланысты төтенше жағдай режимі енгізілген. Қатаң шектеулер 8 тамызға дейін күшінде болады.

Қазір оқып жатыр

«Ареке, дос болайық»: Журналист Арай Есенбектің ісі бойынша тың мәлімет шықты

Айдын Рахымбаев математика пәнінің мұғаліміне BI-дың акциясын сыйлады

«Әділет» партиясының қатарына онлайн түрде қосылуға болады

Ержан Бабақұмаровты өлтірген ер адамға үкім шықты