Олимпиадаға баратын спортшылардың қандай вакцина салдырды?

ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі Ерлан Қожағапанов Токиода өтетін Олимпиадаға баратын спортшылардың қандай вакцина салдырғанын айтып берді, айтып берді.

Алматы, NEGE. «Лицензия иегерлерінің шамамен 80 пайызы вакцина салдырды, әлі де вакциналау жұмысы жалғасып жатыр», – деді Ерлан Қожағапанов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Вице-министр біздің спортшылардың шекарадан өту мәселесі іс жүзінде шешілгенін атап өтті. «Қазақстандық спортшылар қабылдаған негізгі вакцина – «Спутник V» болып отыр, сондай-ақ спортшылар жиын өтіп жатқан қалалар бойынша вакцина алып жатыр, кей жерде Pfizer, кей жерде AstraZeneca, ал енді бір жерде Moderna салғызуда», – деп түсіндірді Ерлан Қожағапанов.

Қазір оқып жатыр

Атырау облысындағы отбасы өлімі: тергеу аяқталды

Перуашевтің орынбасары мен генерал-майор Воронкинге үкім шықты

ШҚО-дағы Артемьев шахтасында жұмысшы қаза тапты

Ақтөбеде Жеңіс күніне арналған еске алу шаралары өтті