Олимпиадада ел намысын қорғайтын конькишілер жарыс жолына қашан шығады?

Олимпия ойындарында қазақстандық спортшылардың бүгінгі, яғни 18 ақпандағы жарыстарын «Qazaqstan» телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді.

 

Алматы, NEGE. Бүгін қазақстандық спортшылар тек бір спорт түрінен, атап айтсақ 1000 метр қашықтықта конькимен жүгіруден сынға түседі.

Тікелей эфир уақыты:

«Qazaqstan» арнасы: 14:30

14:30 Конькимен жүгіру спорты

Ерлер

1000 метр. финал

Дмитрий Морозов, Денис Кузин

Естеріңізге сала кетейік, кеше әйелдер арасында тура осы қашықтықта Қазақстан намысын Надежда Морозова мен Екатерина Айдова қорғады. Жарыс қорытындысы бойынша Надежда Морозова 1000 метрді 1:15,69- секундта бағындырып, Олимпиада ойындарын 11-орынмен аяқтады. Ал Екатерина Айдова аталған қашықтықты 1:16,70 уақыт көрсеткішімен жүгіріп өтіп, жалпы есепте 19-орыннан көрінді.

Айта кетейік, аталған Ақ Олимпиадада ойындарында еліміздің намысын 8 спорт түрінен 34 спортшы қорғап жатыр.

Олар - қысқы спорт ойындарының ішінде спорттың шаңғы жарысы, фристайл-могул, шаңғы акробатикасы, тау шаңғысы, шаңғымен секіру, биатлон және шорт-трек түрлерінен сынға түсуде.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев Лукашенко мен Путинге қазақстандықты босатуға көмектескені үшін алғыс айтты

Түркістан облысында екі көпірді су шайып кетті

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына қаржы құйды