Олимпиада жүлдегері жанкүйерлерге үндеу жасады

Рио-2016 күміс жүлдегері дзюдошы Елдос Сметов Токиода өтетін ойындар алдында қазақстандық жанкүйерлерге үндеу жасады, - деп хабарлайды  Vesti.kz сайты.

Алматы, NEGE. «Құрметті жанкүйерлер! Бүгін біз ең маңызды жарыс – Токиодағы Олимпиада ойындарына ұшамыз. Ойындарда біз еліміздің туын көтеріп, жақсы өнер көрсету үшін қолдан келгеннің бәрін жасаймыз. Ал сіздер, жанкүйерлер, бізге қолдау көрсетесіздер. Сіздің қолдауыңыз өте қажет. Бұл біз үшін өте маңызды! Алға, Қазақстан», – деді Сметов.

Еске салайық, бұған дейін Қазақстан құрамасының негізгі бөлігі Токиоға ұшып кеткені хабарланды. Жазғы Олимпиада ойындары 23 шілдеде басталады.

Қазір оқып жатыр

«Әділет» партиясының қатарына онлайн түрде қосылуға болады

Ержан Бабақұмаровты өлтірген ер адамға үкім шықты

Sulpak негізін қалаушының қызы компаниядағы үлесіне қатысты даулы мәселе көтерді

Еңбек министрлігі: Зейнетақы жинақтары кез келген уақытта алып жұмсайтын депозит емес