Олимпиада ойындарына қанша қаражат жұмсалғаны белгілі болды

Олимпиада ойындарына ұлттық командалардың дайындығына 789 млн теңге бөлінген. Бұл туралы Бейжіңдегі Олимпиада ойындарының қорытындысы бойынша баспасөз мәслихатында Ұлттық Олимпиада комитетінің бас хатшысы Андрей Крюков айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Алматы. NEGE. «Олимпиада ойындарына тікелей қатысу тұрғысында 248 млн теңге жұмсалды. Соның 107 млн теңгесі «Эйр Астана» компаниясына чартерлік рейстерді ұсынғаны үшін төленді», - деді А. Крюков Орталық коммуникациялар қызметінде.

Оның айтуынша, Олимпиада ойындарына ұлттық командалардың дайындығына 789 млн теңге бөлінген. Осы орайда оқу-жаттығу жиыны дайындығы мен жарыстарына 234 спортшы мен бапкер қатысты. Бір қатысушыға жұмсалған қаражаттың орташа көлемі 15 млн теңге болды.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев Лукашенко мен Путинге қазақстандықты босатуға көмектескені үшін алғыс айтты

Түркістан облысында екі көпірді су шайып кетті

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына қаржы құйды