Олимпиада медалі сегіз жылдан кейін берілді

Өзбекстандық ауыр атлет 8 жыл өткеннен кейін Олимпиада медалін иеленді.

Алматы, NEGE. Иван Ефремов 2012 жылы Лондондағы жарыста 4-орын алған. Бірақ кейін алтын иеленген украиналық атлет Алексей Торохтий допинг қолданғаны үшін чемпион атағынан айырылды. Сөйтіп, былтыр халықаралық Олимпиада комитеті жүлде иегерлерін қайта тағайындады. Соның арқасында 8 жыл өткеннен кейін өзбекстандық спортшы Иван Ефремов Лондон Олимпиадасының қола жүлдегері атанды. Айта кету керек, бұл Өзбекстанның ауыр атлетика спортындағы алғашқы Олимпиада медалі.

Олимпиаданың қола жүлдегері Иван Ефремов: "Олимпиаданың алғашқы медалі қола, кейінгісі алтын болды. Біршама уақыт өтсе де өте қуаныштымын. Жаным жай тапқандай сезімде болдым" деді.