Олимпиада: Қазақстандық спортшылар Бейжіңге жетті

Қазақстандық спортшылар жұма күні таңертең «Air Astana» арнайы рейсімен қысқы Олимпиада ойындарына қатысу үшін «Шоуду» Бейжің халықаралық әуежайына жетті.

Алматы, NEGE. Осы рейспен конькимен жүгіру спорты, шорт-трек, фристайл-могул, тау шаңғысы, трамплиннен шаңғымен секіру және шаңғы қоссайысы бойынша қазақстандық командалардың мүшелері келді.

Қазақстан делегациясы ПТР-тест пен төлқұжат бақылауынан өткеннен кейін Олимпиада қалашығына бет алды.

XXIV қысқы Олимпиада ойындары 4-20 ақпан аралығында Бейжіңде өтеді.

Қазір оқып жатыр

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына қаржы құйды

Мәсімовтің бұрынғы күйеу баласы қос азаматтығы болғанын мойындады

Вьетнамда ұсталған блогер Қайсар Қамза көшеде еркін қозғалып жүр