Олимпиада: Хоккейден финалға шыққан құрамалар анықталды

Қытайдың Бейжің қаласында өтіп жатқан қысқы Олимпиада ойындарында шайбалы хоккейден ерлер арасында финалға шыққан құрамалар анықталды.

Алматы, NEGE. Мұндай мүмкіндікке Ресей және Финляндия құрамалары ие болды. Жартылай финалда Ресей Швецияны 2:1, Финляндия Словакияны 2:0 есебімен тізе бүктірді. Енді 19 ақпанда 3-орын үшін Словакия мен Швеция шеберлік байқасады. Ал 20 ақпанда финалда Ресей мен Финляндия мұзайдынға шығады. Бұған дейін Ресей (КСРО-ны қоса есептегенде) 9 алтын, 2 күміс, 2 қола медаль алды. Ал Финляндия 2 мәрте күміс жүлдегер атанса, 4 мәрте қола жүлдеге қол созды. Сондай-ақ, әйелдер арасында шайбалы хоккейден Олимпиада чемпионы атағына Канада ие болды. Канадалық хоккейшілер финалда АҚШ-ты 3:2 есебімен жеңді. 3-орын үшін сайыста Финляндия Швейцариядан 4:0 есебімен басым түсіп, қола жүлдеге қол созды.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев Лукашенко мен Путинге қазақстандықты босатуға көмектескені үшін алғыс айтты

Түркістан облысында екі көпірді су шайып кетті

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына қаржы құйды