Олимпиада чемпионы НЕГЕ өкпелі?

Олимпиада чемпионы, белгілі фигурист Алина Загитова алдағы уақытта өтетін дүниежүзілік жарыстарға қатыспайды. Бұл туралы спортшы БАҚ өкілдеріне берген сұхбатында айтты.

Алматы, NEGE. Фигурист "Алдағы уақытта өтетін Ресей, Еуропа және әлем чемпионатына қатыспаймын. Қазіргі уақытта әртүрлі мұзды шоуларда өнер көрсетуді жоспарлап жатырмын", – дейді.

Жас спортшы спорттық жарыстарға қатыспауының себебін "Менде бәрі бар. Бірақ, шығармашылық шабыт жоқ" деп түсіндірді.

Бұған қоса, кез келген чемпионатқа қатысу техникалық, психологиялық әрі моральдық тұрғыда көп дайындықты талап етеді.

"Бұл ұзақ әрі күрделі жол. Бұл күнге дейін қатысып келген әрбір жарысым оңайға түскен жоқ. Таңнан кешке дейінгі үздіксіз жаттығулар, тынымсыз еңбек, моральдық күйзеліс, бәрі-бәрі шаршатады. Қазір демалғым келеді", – дейді Загитова. 

Қазір оқып жатыр

Астанада LRT жолақысы қанша теңге болуы мүмкін?

Шелдон Купердің рөлінде ойнаған америкалық актер қазақша ән салып берді

Қарашығанақ операторы 2 млрд теңге экологиялық айыппұл төледі

«Көктемді жолға салып жіберіңіздер»: елші қызылордалықтарға әзілмен өтініш айтты