Олимпиада чемпионы 16 жылға сотталды

Моңғолиядан шыққан тұңғыш Олимпиада чемпионы, дзюдошы Найдангийн Тувшинбаяр досын өлтіргені үшін 16 жылға сотталды. Бұл туралы

Sonin хабарлады.

Өткен жылы сәуірде Найдан Тувшинбаяр ішіп алып, жақын досын соққыға жыққан. Досы ауыр жарақат салдарынан бірнеше айдан кейін көз жұмған. 

Тувшинбаяр сотта кінәсін мойындап, өатты өкінетінін айтқанымен, сот жұмсақтық танытпады. Көз жұмған досының отбасына Тувшинбаяр ірі сомада өтемақы төлегеніне қарамастан, сот оны 16 жылға соттады.

Естеріңізге салайық, 100 келіде белдескен Найдан Тувшинбаяр 2008 жылы Бейжіңде Моңғолия тарихында алғаш рет Олимпиада алтын медалін жеңіп алған еді. 2012 жылы күміс медаль алған. Ол біздің дзюдошымыз Асхат Житкеев пен Максим Раковты да бірнеше мәрте жеңген еді.

Қазір оқып жатыр

«Біз мұнда отбасымызбен демаламыз»: Алматы облысында 12 мыңға жуық адам сенбілік өткізді

Тоқаев Лукашенко мен Путинге қазақстандықты босатуға көмектескені үшін алғыс айтты

Түркістан облысында екі көпірді су шайып кетті

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды