Олимпиада: Боксшылардың алғашқы қарсыластары анықталды

Бүгін Токио Олимпиадасы қарсаңында боксшылар арасында жеребе тарту рәсімі өтті.

Алматы, NEGE. ҚР Ұлттық олимпиадалық комитетінің баспасөз қызметі хабарлағандай, жеребе нәтижесіне сәйкес, қазақстандық боксшылардың алғашқы қарсыластары анықталды.

Олар: 52 келі Сәкен Бибосынов – Янкиель Ривера (Пуэрто Рико)

57 келі Серік Теміржанов – Роланд Галос (Венгрия)

63 келі Зәкір Сафиуллин – Леодан Пезо (Перу)

69 келі Абылайхан Жүсіпов – қарсыласы кейін анықталады

75 келі Әбілхан Аманқұл – қарсыласы кейін анықталады

81 келі Бекзад Нұрдәулетов – қарсыласы кейін анықталажы

91 келі Василий Левит – Эммануель Рейес (Испания)

91 келі Қамшыбек Қоңқабаев – Есри Рез Мұстафа (Египет)

75 келі Надежда Рябец – Тамара Тибелт (Канада)

Айта кетейік, Токио Олимпиадасында ерлер 8 салмақ санатында, әйелдер 1 салмақтан ел намысын қорғайды.

Қазір оқып жатыр

«Ареке, дос болайық»: Журналист Арай Есенбектің ісі бойынша тың мәлімет шықты

Айдын Рахымбаев математика пәнінің мұғаліміне BI-дың акциясын сыйлады

«Әділет» партиясының қатарына онлайн түрде қосылуға болады

Ержан Бабақұмаровты өлтірген ер адамға үкім шықты