Олимпиада жүлдегері Демеу Жадраев грек-рим күресінен әлем чемпионатының 1/8 финалына өтті

Күрес түрлерінен Загребте (Хорватия) өтіп жатқан әлем чемпионатында грек-рим күресінен жарыстар басталды.

Olympic.kz

Астана, NEGE. 77 келі салмақ дәрежесінде Олимпиаданың күміс жүлдегері Демеу Жадраев турнирді жеңіспен бастады. Алғашқы белдесуде ол фин спортшысы Йонни Саркиненнен 5:2 есебімен басым түсті.

Осылайша, Жадраев 1/8 финалға жолдама алды.

Сондай-ақ 82 келіде күрескен қазақстандық Альмир Төлебаев та осы кезеңге өтті. Ол үндістандық Рахулды 7:1 есебімен жеңді.

Қазір оқып жатыр

Ресей мен Әзірбайжан AZAL ұшағының апатына байланысты келісімге келді

Таразда оқушылар арасында жаппай төбелес болып, бір баланың көзіне зақым келді

Дубайдағы әйгілі қонақүй 1,5 жылға жабылады

Қазақстанда көлік жүргізушілері жаппай тексеріліп жатыр